Донбастағы тұрақсыз тыныштық. Шекара маңына шоғырланған Ресей әскері

Ресейдің қолдауына сүйенген сепаратистер билеп-төстеп отырған Донецк қаласы маңындағы қарсылас екі жақты бөліп тұрған сызыққа жақын тұстан алдыңғы шепті бақылап тұрған украиналық әскери қызметкер. 6 сәуір 2021 жыл.

Донецк қаласы маңындағы украина үкіметінің әскері бекінген шепте тұрған қарулы жауынгер. Жыл басынан бері Донбаста Украинаның ондаған сарбазы қаза тапты.

Ресей биыл наурыздың соңынан Украинамен шекара маңына және 2014 жылы аннексиялап алған Қырым түбегіне әскери күшін шоғырландыра бастады.

Әскери қаруды тазалап жатқан украин сарбазы. Бақылаушылар Ресейдің бұған дейін де әскери жаттығу өткізген кезде көп әскерді бір жерден екінші жаққа апарғанын айтады. Бірақ кейбір талдаушылар Ресей бұл жолы бұрынғыдан әлдеқайда көп әскери техникасын әкеліп жатқанын айтады.

Донецк түбіндегі қарсылас екі жақты бөліп жатқан сызықтың маңындағы шепте тұрған украин жауынгері. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Ресейдің шекараға қарулы күштерін апаруын елдің ішкі шаруасы деп атады.

Авдеевка ауылының маңындағы украин үкімет күштері бекінісінде тұрған сарбаз. Донецк облысы, 5 сәуір 2021 жыл.

Авдеевка маңындағы шепте жүрген украин жауынгері.

Ресейшіл сепаратистерді Авдеевка ауылы маңындағы шептен бақылап тұрған украин сарбазы. Донецк облысы, 5 сәуір 2021 жыл.

Авдеевка маңындағы шепте жүрген украин сарбаздаы. Донецк облысы, 5 сәуір 2021 жыл.

Украиналық жауынгер ресейшіл сепаратистерді Авдеевка маңындағы шептен бақылап тұр. Донецк облысы, 5 сәуір 2021 жыл.

Ресейшіл сепаратистер бақылайтын аймақта трамвай депосы аумағында орналасқан бомбадан жасырынатын орынға кіріп бара жатқан адамдар. Донецк облысы, 24 наурыз 2021 жыл.

Бомбадан жасырынатын орынның ішкі көрінісі.

Бомбадан жасырынатын жерде отырған адамдар.

Ресейшіл сепаратистер қолындағы Ясиноватая кентіндегі соғыстан бүлінген тұрғын үй. Донецк облысы, 24 наурыз 2021 жыл.

Ясиноватая қаласындағы бомбадан жасырынатын орынның ішкі қабырғасындағы жазуларды көрсетіп тұрған әйел. Қабырғада Жаңа жылды осы жерде қарсы алған адамдардың жазғаны да бар. Донецк облысы, 24 наурыз 2021 жыл.

Ясиноватая қаласындағы бомбадан жасырынатын орындағы противогаздар.

Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецкінің Петров ауданында бомбадан жасырынатын жерде отырған адамдар. 24 наурыз 2021 жыл.

Әлеуметтік желілерде жарияланған көптеген видеолар мен қолда бар деректерді талдау қорытындысы Ресейдің 2014 жылы аннексиялап алған Қырым түбегі мен Украинамен шекарасының бойына әскерін шоғырландырып жатқанын көрсетеді. Украинаның шығысында Ресейдің қолдауына сүйенген сепаратистер мен украин әскерилерін бөліп тұрған сызық бойында атыс жиілеп кетті.