Дубайдан Тель-Авивке ұшқан ұшақ апат белгісін берді

Flydubai flight

Дубайдан Тель-Авивке ұшқан жолаушылар ұшағы әуеде апат сигналын беріп, Сауд Арабиясының төбесінен бұрылды, оның ұшуы жөнінде ақпарат мониторинг сайттарынан көрінбей қалды.

Израильдің 12-арнасының хабарлауынша, ұшқыштар “сыртқы интервенция” жөнінде сигнал берген, бұл ұшақты басып алғанынан хабар беруі мүмкін.

Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, Израиль жойғыш ұшағы әуеге көтерілген, ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл жиналысқа шақырды.

Кейін Израильдің ақпарат құралдары бортында 174 жолаушы болған ұшақ Сауд Арабиясына қонғанын, штаттан тыс жағдайға “ұшқыштар арасындағы төбелес” себеп болуы мүмкін екенін жазды. CNN де дереккөздерге сүйеніп, ұшқыштар арасындағы “күш қолдану” туралы хабарлады. Әзірге, ақпарат ресми түрде расталмады.