Душанбеде дизель тапшылығы туындады. Елде кейінгі бірнеше күнде дизель қымбаттады. Бұл жөнінде "Азия-Плюс" басылымы жазды.
Ақпаратқа қарағанда, екі күнде Тәжікстанда дизель 1,5-2 сомониға (0,16 - 0,22 АҚШ доллары) қымбаттаған.
"Азия-Плюс" басылымы тілшілерінің айтуынша, "Газпромнефть" жанармай станцияларында дизель таусылған. Ал қалған станциялар бір адамға 20 литрдан артық дизель сатпайды.
Тәжікстан мұнай өнімдері мен сұйытылған табиғи газдың көп бөлігін Ресейден алады, ал Ресей украин дрондарының мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасап жатқан шақта отын дағдарысын бастан кешіріп отыр.
Мәскеу отын тапшылығын импортпен өтеу амалдарын іздестіріп жатыр. Кейбір ресейліктер арзан бензин табу үшін Қазақстанға барып жатыр.