Экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық екі ғалымға беріледі

Швецияның корольдік ғылым академиясы 2026 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Роберт Холл мен Майкл Вудфордқа берілетінін жариялады. Стокгольм, 12 қазан, 2026 жыл

2026 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығын америкалық ғалымдар Роберт Холл мен Майкл Вудфорд алады. Мұндай шешімді 12 қазанда Швецияның корольдік ғылым академиясы жариялады.

Холл мен Вудфорд тұрақтандырушы экономикалық саясат жүргізу мүмкіндіктерін кеңейткен макроэкономикалық модельдер әзірлеген еңбегі үшін Нобель сыйлығына лайық деп танылды. Олардың зерттеулері экономикалық құбылуларды талдауға және экономиканың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Былтыр экономика саласындағы Нобель сыйлығын экономикалық өсім тетіктері мен технологиялық прогрестің рөлін зерттегені үшін Джоэль Мокир, Филипп Агьон және Питер Хауит алған еді.

Жылдағы дәстүрге сай, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы кімге берілетінін жариялау қазан айының басынан бері жалғасқан Нобель иегерлерін анықтау апталығын қорытындылайды. 6 қазаннан бері медицина мен физиология, химия, физика, әдебиет және бейбітшілік салаларында биыл Нобель сыйлығы берілетін адамдардың аты-жөні жарияланған.

Айта кетерлігі, өзге Нобель сыйлықтарынан айырмашылығы – экономика саласындағы сыйлық Альфред Нобельдің өсиетінде қарастырылмаған. 1968 жылы Швецияның орталық банкі тағайындаған оның ресми атауы – Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығы. Сыйлықтың иегерлерін Швецияның корольдік ғылым академиясы анықтайды,

Нобель сыйлығын алғандарды салтанатты марапаттау рәсімі, жылдағы дәстүр бойынша, Альфред Нобель бақилық болған күні – 10 желтоқсанда өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Нави Пиллэйге берілдіӘдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Энн Карсонға беріледіХимия бойынша Нобель сыйлығын Анри Каган және Кэнсо Соаи иелендіФизиология мен медицина саласында Нобель сыйлығы иегерлері аталдыФизика бойынша Нобель сыйлығы АҚШ-та жұмыс істейтін бельгиялық ғалымға беріледі