Елшілік: Украинада Қазақстанның 12 азаматы әскери тұтқындар қатарында

Russian soldiers

Қазақстанның Киевтегі елшілігінің консулдық бөлімінде Украинада тұтқында отырған 12 қазақстандық туралы мәлімет бар. Қазақстанның Украинадағы елшілігі "Ферғана" басылымына берген жауабында осылай деп жауап берген.

Дипломатиялық ведомство Украинаның мемлекеттік уәкілетті органдары берген деректерге сүйенген.

Консулдық бөлім дегенмен әскери тұтқындар қатарына енген қазақстандықтар туралы жеке есеп жүргізбейтінін жеткізген. Тиісті есеп болмағандықтан егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартқан.

Бұған дейін Украина үкіметінің «Хочу жить» жобасы Орталық Азия елдерінен барған 12,5 мыңнан астам азамат Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді. Жоба өкілдері жасаған тізімдегі азаматтар саны бойынша Қазақстан үшінші орында (2 389 адам). 2025 жылдың күзіндегі жағдай бойынша осы соғыста қаза болған кем дегенде 270 қазақстандықтың аты-жөні белгілі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Отбасымды көргім келеді". Украинаға тұтқынға түскен Орталық Азия тумаларының көмек сұраған дауысы неге естілмей қалып жатыр?Атырау соты Украинадағы соғысқа қатысқан тұрғын сотталғанын растады"Сүйегін елге әкелмеңдер". Қазақстан азаматтары Украинадағы соғыста қалай қаза тауып жатыр?"Хочу жить" жобасы: 2025 жылы 500-ден астам қазақстандық Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқанРесейлік ресурстар Украинаның "Өрмек" операциясының "ізі" Қазақстанға апарады деді. Астана не айтады?