ERG-дің Рудныйдағы зауытында жұмысшы қаза болды

Қостанай облысы Рудныйда “ERG Service” компаниясының металпрокат және жөндеу зауытында бір жұмысшы қаза болды. Мұны компанияның ақпаратына сүйенген Tobolinfo хабарлады.

Оқиға 19 маусымда болат қорыту цехында болған. Оператор пеште жұмыс істеген кезде қаза болған.

Компания өкілдері оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабар берілгенін айтты. Қазіргі кезде тергеу басталған, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқаны айтылады. Компания хабарламада марқұмның отбасына тиісті көмек беруге уәде берген.

“ERG Service” – Eurasian Resources Group компаниялар тобына қарасты сервистік бөлім. Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, бұл тау-кен, металлургия және энергетикалық активтеріне қызмет көрсету үшін құрылған сервистік кәсіпорын.

ERG-дің мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында оған қарасты кәсіпорындарда 16 адам қаза болған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда өндіріс орындарында 2328 адам зардап шеккен. Бірақ онда қанша адамның қаза болғаны айтылмады. Оқиғалардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Былтыр қазанда 2025 жылы өндіріс орындарында 934 жұмысшы зардап шеккені, 133-і қаза болғаны айтылған еді.