Әйелдер Ермахан Ибраимовтың сөзіне наразы. Боксшы "батыр аңғал келеді" деп ақталды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы мәслихатының депутаты, бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың үй өртеніп, сәбилер қаза тапқан оқиғаларға ата-аналарды айыптай сөйлеген сұхбаты көп балалы әйелдердің намысына тиген. 22 ақпанда бір топ әйел депутатпен бетпе-бет сөйлесуді талап етіп Алматы әкімдігіне барды. Ал Ибраимов "батыр аңғал келеді" деп ақталды.