Есет Байкен Ұлытау облысы әкімі болып тағайындалды

Есет Байкен

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады .

40 жастағы Есет Байкен 2022 жылдың қыркүйек айынан бері Астана қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Қаржы және заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.

2024 жылдың қазан айынан бері осы облысты басқарған 42 жастағы Дастан Рыспеков президент жарлығымен қызметінен босатылды.

2024 жылдың қазан айынан бері осы облысты басқарған Дастан Рыспеков президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Ұлытау облысы 2022 жылғы 8 маусымда президент Тоқаевтың жарлығымен жаңадан құрылып, өңірдің әкімшілік орталығы болып Жезқазған қаласы белгіленген. Содан бері Ұлытау облысына үшінші әкім тағайындалып отыр.