Әуежайдағы қауышу. Шыңжаңнан келген қазақтарды туыстары қалай күтіп алды?

Your browser doesn’t support HTML5

Түрлі себеппен туыстарынан бөлініп Шыңжаңда қалып қойған бір топ қазақ 6 мамырда Алматыға ұшып келді. Жақындарының кейбірі гүл ұстап қарсы алса, біразы көз жасына ерік берді.

Әртүрлі себеппен туыстарына бөлініп Шыңжаңда қалып қойған бір топ этникалық қазақ бүгін Чэнду арқылы Алматыға ұшып келді. Оларды Қазақстанда тұратын жүзге туық жақын-туыстары күтіп алды. Шыңжаннан келгендердің арасында үш жылдан бері баласын көрмеген ана, отбасынан бөлініп қалған әке, немерелерін аңсаған ата да бар. Бірақ бұлардың арасында Қытайда қалған жақындарын босатуды талап етіп жүргендердің туысы жоқ