Еуроодақ санкциясы, түтін басқан порт, түнгі шабуыл | Соғыс жаңалықтары

Your browser doesn’t support HTML5

Бүгін Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне тура төрт жыл, екі ай. Осы аралықта тараптар бірнеше рет мәмілеге келуге ұмтылғанымен, нәтижеге жете алмай келеді. 24 сәуірге қараған түн де екі ел үшін оңай тимеді. Ресей Украинаның бірнеше өңірін зымыранмен атқылап, дронмен соққы жасады. Салдарынан көптеген тұрғын үй қирап, адамдар қаза тапты. Дәл осы тұста Еуроодақ Киевке 90 млрд еуро несие беруді мақұлдады.