Еуропаның үш елінде қатты ыстықтың салдарынан адам өлімі жиіледі

Франция, Нидерланды және Бельгияда маусымдағы аптап ыстық кезінде 3700 қосымша өлім тіркеді. Билік бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін мәлімдеді деп жазды Reuters.

Қосымша өлім – бұл белгілі бір кезеңде әдетте тіркелетін өлім санынан артық тіркелген өлім көрсеткіші.

Францияда 2025 қосымша өлім тіркелген – әсіресе 45 жастан асқандар арасында өлім-жітім жиілеген. Бельгияның денсаулық сақтау министрлігі 18-29 маусым аралығында 1200 қосымша өлім тіркелген.

Ал Нидерландыда бұл көрсеткіш шамамен 480 болған. Негізінен 80 жастан асқан адамдар қайтыс болған.

Reuters-тің жазуынша, 20-28 маусым күндері Еуропада бұрын-соңды болмаған қатты ыстық болды.