Болгариялық әнші DARA (Дарина Йотова) биылғы Еуровидение байқауында Вangaranga әнін шырқап, қазылар алқасы мен көрермендер дауысының қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Осымен 70-рет ұйымдастырылған байқаудың финалы 17 мамырға қараған түні Австрия астанасы Вена қаласында өтті.
DARA жиынтығы 516 ұпай жинаған. Екінші орынды 173 ұпай алған Израиль әншісі Ноам Беттан иеленді.
Байқауға Израильдің қатысуына наразы бес ел – Исландия, Ирландия, Испания, Словения мен Нидерландының өкілдері мен хабар таратушылары ән жарысына бойкот жариялаған.
Украина атынан қатысқан әнші Виктория Лелека 9-орын алды.
Алдағы жылы Еуровидение байқауы Болгарияда өтеді.