Евгений Хмара Украинаның қорғаныс министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды

Евгений Хмара

Украина үкіметі 20 шілде күні Евгений Хмараны қорғаныс министрі міндетін атқарушы етіп бекітті. Оны бұл лауазымға 16 шілдеде президент Владимир Зеленский тағайындаған, бірақ кандидатурасын министрлер кабинеті бекітуге тиіс еді.

Евгений Хмара бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) дрон қолдану жағынан аса тиімді бөлімшелерінің бірі саналатын "Альфа" арнайы жасағын басқарған. Ресей мұнай өңдеу зауыттарына алыстан жасалған шабуылдардың, сондай-ақ былтыр жүзеге асырылған әйгілі "Өрмек" операциясының артында нақ осы "Альфа" тұр.

Хмараны қорғаныс министрі етіп түпкілікті тағайындау үшін Жоғарғы Раданың келісімі қажет.

Ол бұл лауазымға елде бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметтен кетуі себеп болған наразылықтар өтіп жатқан шақта ұсынылды. Федоровты қолдайтындар оны қызметке қайтаруды биліктен талап етіп, елдің бірқатар қалаларында бес күн қатарынан көшеге шықты.

Федоров қызметтен кеткеннен кейін Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскийді сынға алып, қызметінен кетуіне сол ықпал еткенін мәлімдеген. Бұған дейін екеуі әскери стратегия, әсіресе дрондарды кеңінен қолдану бойынша түрлі көзқарас ұстанып, өзара келісе алмаған.

Сырскийдің өзі 20 шілдеде жариялаған мақаласында өзін Федоровпен дүрдаразбын деп санамайтынын айтып, одан кешірім сұраған. Бұған қоса ол өз атына айтылған сынды жоққа шығарып, Федоровтың бастамаларына қарсы емес екенін, бірақ "біз қазір тренд болып жатқанды ғана емес, бәрін сатып алуымыз керек" деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ қорғаныс министрлігімен емес, Ресеймен соғысып жатқанын атап айтты.

Президент Зеленский кейінгі күндері түрлі әскери бөлімшерлердің қолбасшыларымен кездескен. Әртүрлі БАҚ дереккөздері Сырский отставкаға кетуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. Дүйсенді, 20 шілде күні Украина қарулы күштерінің бас штабы жариялаған мәлімдемеде Сырскийдің өз қызметінде қалатыны айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Киевте мыңнан астам адам Федоровтың отставкасына қарсылық білдірдіЗеленский мен Сырский Федоровтың отставкасы жайлы пікір білдірдіУкраина парламенті жаңа премьер ұсынған үкімет құрамын бекіттіМихаил Федоров Украинаның қорғаныс министрі қызметінен кететінін растадыШмыгаль Украина әскеріне керек-жарақ сатып алуға 6 миллиард доллар қажет деді