FlyArystan Ақтаудан Дубайға баратын рейстерін наурыздың соңына дейін тоқтатты

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты қазақтандық FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау рейстерін 31 наурызға дейін тоқтатты. Бұл рейс аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген.

“Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы рейстер 2026 жылдың 31 наурызына дейін уақытша тоқтатылады” деп жазылған әуе компаниясының хабарламасында.

Әуе компаниясы билеп алып қойған жолаушыларға әуебилетінің құны толық көлемде айыппұлсыз қайтарылатынын хабарлады. Олар билеттерін кейінгі мерзімге де тегін ауыстыра алады.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурызы аралығында Алматы мен Астанадан Дубайға баратын рейстерін тоқтатқан еді.

Таяу Шығыстағы ахуал әлі күрделі. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі 8,5 мың қазақстандықты Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялағанын хабарлаған.