Франция президенті Эммануэль Макрон Дамаскіге ресми сапармен барды. Бұл — Франция басшысының Сирияға 2009 жылдан бергі алғашқы сапары.
Макрон Сирияның іс жүзіндегі көшбасшысы Ахмед әш-Шараамен келіссөз өткізіп, екіжақты ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік және өзара мүдделі мәселелерді талқыламақ.
Reuters мәліметінше, Макронмен бірге Сириядағы экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға ниетті француз кәсіпкерлері мен инвесторларының делегациясы да барған.
Былтыр әш-Шараа Парижге Макронның шақыруымен барып, Еуроодаққа алғашқы ресми сапарын жасаған еді. Сол кезде тараптар Сирияның егемендігі мен аумақ тұтастығын қолдайтынын және екіжақты байланысты дамытуға ниетті екенін мәлімдеген.