Гүлнара Каримованың қаржысы мен дүние-мүлкі

Your browser doesn’t support HTML5

Өзбекстан бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованы бірнеше елде 14 фирма мен 16 офшоры болған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырады. Прокуратураның мәліметі бойынша, Каримованың Мәскеудің бай-бағландар тұратын Рублевкасында қымбат үйі, "Камелот" тұрғын үй кешенінде пентхаусы және сегіз пәтері болған. Сонымен бірге ол Қырымдағы Ялта қаласындағы мейманхана, тұрғын үй және жер теліміне иелік еткен.