Харьков қаласына жасалған соққыдан 7 адам қаза болды

Ресей әскерінің шабуылынан кейінгі Харьков

Сенбі, 7 наурызға қараған түні Харьков қаласына жасалған ресейлік ракета соққысынан 7 адам қаза болды, кемінде 15 адам жарақаттанды. Бұл жөнінде жергілікті билік хабарлады. Баллистикалық ракета бес қабатты тұрғын үйге құлаған.

Қаза болғандар арасында екі бала және 65 жастағы әйел бар. Төрт адам ауруханаға жатқызылған, 11 жасар баланың жағдайы ауыр. Құтқарушылар үйіндіні аршып жатыр, оның астында әлі де адамдар қалған болуы мүмкін.

Ракета атқылауының салдарынан Харьковтың Киев ауданында 19 көп қабатты үй қираған, мектептер мен сауда павильондары бүлінген.

Бұған қоса, сенбіге қараған түні Ресей әскері Киевке ракетамен соққы жасады. Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, үш ауданда ( Голосеевск, Деснянск, Днепр) ракета бөлшектері түскен. Ешкім зардап шекпеген.

Одесса облысында ресейлік дрондар инфрақұрылымға шабуылдап, өрт басталған. Запорожьеде Ресей әскерінің атқылауынан ондаған пәтердің терезесі сынған, үш айлық нәресте жарақаттанған. Украина темір жол компаниясы жаппай шабуылға байланысты бірқатар пойыздың бағытын өзгерткен.

Украинаның әуе күштерінің хабарлауынша, Ресей әскері бір түнде Украинаға 509 дрон мен ракета жіберген, 472-і атып түсірілген. 9 ракета мен 26 дрон нысанаға дөп тиген.

7 наурызда Ресей Украинаның Донецк облысының солтүстігіндегі Краматорск қаласының орталығына КАБ-500 авиабомбасын тастады. Кемінде 6 адам жарақаттанды, үшеуі бала деді облыс әкімшілігінің жетекшісі Вадим Филашкин.

12 көп қабатты үй, бес әкімшілік ғимарат пен 22 көлік бүлінді деді Донбасс.Реалии тілшісі Сергей Горбатенко.