Думан Смақов: "Фейк тарату – оқырманды сыйламау"

Your browser doesn’t support HTML5

Әлемде коронавирус төңірегінде ақпарат соғысы жүріп жатқандай. АҚШ, Қытай, Ресей сияқты елдер бір-бірін «вирус таратушы» деп айыптап үлгерді. Дипломат, саясаткерлердің сөзін журналистер де іліп әкетіп, рас-өтірігі аралас мәлімет таратты. Қазақстандық БАҚ та бұдан тыс қалған жоқ. Fake жаңалық мемлекет қаржыландыратын басылымдарда, сайттар мен телеарналарда ауық-ауық байқалады. Осы мәселе жөнінде Азаттық тілшісі Factcheck.kz сайтының редакторы Думан Смақовпен сұхбаттасты.