Иордания қарулы күштері Ираннан ұшырылған сегіз зымыранды әуеде атып түсіргенін мәлімдеді. Иран нысанаға Кувейт пен Иорданиядағы нысандар алынғанын айтады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Тегеран мұны АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шауылдарына қарымта деп атаған. Бұған дейін Иорданияға қарай ұшырылған тағы бес ирандық зымыран тосқауылға кезіккені, сондай-ақ АҚШ-тың Бахрейн мен Кувейттегі нысандары да шабуылға ұшырағаны хабарланған.
Иранның денсаулық сақтау министрлігі кейінгі екі күнде АҚШ әуе шабуылдарынан кемінде 14 адам қаза тауып (сегізі - әскери қызметкерлер), 78 адам жараланған дейді.
Шабуылдар Иранның жоғары рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Мешхедте жерленген күні болған.
Иордания Иран ұшырған зымырандарды қағып түсіргенін айтты
Иордания сарбаздары (архивтегі фото)