Жексенбі күні Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи АҚШ экономикалық соғысын жалғастыра берсе, Иран Парсы шығанағы елдерінен мұнай экспорттауды тұтас доғарады деп мәлімдеді.
“Егер экономикалық соғыс жалғаса берсе, онда Ормуз бұғазы арқылы да, Парсы шығанағы аймағынан да бір тамшы мұнай экспортталмайды” деді Резаи.
Оның сөзінен Press TV арнасы үзінді келтіреді .
Ол сонымен бірге Тегеран АҚШ-тың Иран экономикасына қысым жайлы жоспарын қолдаған өзге елдердің әрекетін “соғыс” деп қабылдайтынын ескертті .
Тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранды даулы мәселелер бойынша Вашингтонмен келісімге келуге мәжбүрлеу үшін Иранға қарсы “экономикалық соғыс” жүргізетінін айтқан. Дүйсенбі күні АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент жоспардың егжей-тегжейін айтуы керек.
АҚШ пен Иранның бір-біріне соққы жасамағанына бірнеше апта болды, бірақ соғысты аяқтау бойынша да келіссөз жүріп жатқан жоқ. Экономикалық санкция Иранның жағдайын ушықтырып, ел ішінде тәртіпсіздік ықтималдығын зорайта түседі, биліктің легитимдігіне нұқсан келтіреді.