Трамп: Иран билігіне қатысты "қатаң шаралар" қарастырып жатырмыз

АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ Ирандағы наразылықты басып-жаншып жатқан билікке қатысты "қатаң шаралар" қабылдауды қарастырып жатыр деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Air Force One президент ұшағында журналистердің "Иран билігі наразыларды өлтіру арқылы қызыл сызықтан аттады ма?" деген сауалға Трамп "олар [қызыл сызықтан] аттауды бастап кеткен сияқты" деп жауап берді.

"Біз бұған өте қатты мән беріп отырмыз. Әскерилер жағдайды зерттеп жатыр және біз өте қатаң шаралардың бірнеше нұсқасын қарастырып жатырмыз. Шешім қабылдаймыз" деді АҚШ президенті.

Иранда 28 желтоқсаннан бері билікке қарсы көтеріліс болып жатыр. Наразылық ел валютасы қүнсызданып, инфляция өскен тұста басталған. Кейін наразылық ауқымы кеңейіп, наразылар билікке қарсы шығып жатыр. Бірнеше күннен бері Иранда интернет сөндірілген.

Human Rights Activists News Agency (HRANA) құқық қорғау ұйымының 11 қаңтардағы мәліметінше, наразылықтан 544 адам қаза тапқан, олардың қатарында сегіз бала, 47 әскери мен орган қызметкерлері бар. Ал Iran Human Rights ұйымы наразылыққа шыққан 192 адамның өлімін растағанын хабарлады.

Your browser doesn’t support HTML5

Тегерандағы мәйітхана маңында шашылып жатқан мәйіттер