Қарағандылық кеншілер ереуілінен кейін шахтер еңбекақысын көбейтті

Your browser doesn’t support HTML5

Қарағанды шахтерларының еңбекақысы Еуропадағы әріптестерінікінен он есе, ТМД елдеріндегі кеншілердің табысынан екі есе аз. Тәуелсіздік күні қарсаңында жүздеген қарағандылық кенші еңбекақыны көбейту және шахтерді 50 жасынан зейнетке шығару туралы талап қойып, төрт тәулік бойы шахтадан шықпай ереуіл жасады. Тек Шахтинск сотының "ереуілді тоқтату" туралы шешімінен соң олар қарсылық акциясын тоқтатуға мәжбүр болды. Желтоқсанның 15-іне қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахтерлары шахтадан шықты. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы – орыс тілінде.