Шетелдегі Мұхтар Әблязов жариялаған митинг күні таяғанда Қазақстанда белсенділерді қудалау күшейді

Your browser doesn’t support HTML5

Қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жұртты үндеген митинг күні жақындаған сайын елде белсенділерді қудалау үдеді. Алматы мен Астанада бір күнде кемі жеті адамды сот 15 күнге қамады. Ішкі істер министрлігі мен жергілікті полиция департаменттері мұның ресми себебін айтпай отыр.