Жанармай қымбаттауы жұртқа түсініксіз

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы күн санап өсіп келе жатқаны байқалады. Бензин құю станцияларында әзірге баға бірдей емес, 146-151 теңге аралығында. Көлік жүргізушілері "бағаның артуы қалтаға ауыр тиіп жатыр" десе, сарапшы маман "бұдан шығатын жол - мұнай өңдеуші жаңа зауыт салу" дейді.