Өтпеген "шеру" үшін қамалған адамға белсенділер тамақ апарды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда "шеру өткізу ережесін қайтара бұзды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған жергілікті тұрғын Руслан Иминахуновқа туыстары мен белсенділер тамақ апарды. 26 қазанда көшеде БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп тұрған Иминахуновты полиция күштеп көлікке салып әкеткен. Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев билік өзге адамдарды да қамауға алғанын айтады.