"Әйелдің қырық жаны жоқ, ұрма!" Әйелдер маршында қандай ұрандар айтылды?

Әйелдер шеруі түскі 13.00-де басталды. Шеру қатысушылары Шевченко көшесінен бойымен Махатма Ганди паркінен Шоқан Уалиханов ескерткішіне дейін барып, сол жерде бейбіт митинг ұйымдастырды. Шеруге келгендер шамамен бес шақырым жүрді.  

Кейбір плакаттарда лозунгілерден бөлек суреттер де болды.
 

Шерудің ұйымдастырушылардың сөзінше, олар әйелдер маршы үшін әкімдікке 50-60 рет өтініш тапсырған. Билік 2021 жылы 13 ақпанда ғана рұқсат берген.
 

Шеруге келгендердің бірі "Жыныстық бопсалауды тоқтатайық" деген плакат ұстап тұр.
 

БҰҰ есебінше, Қазақстанда жыл сайын 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Ал ІІМ статистикасы бойынша, былтыр қыркүйекке дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 130 мың арыз келіп түскен, бұл шағымдар бойынша 2500 қылмыстық, 30 мың әкімшілік іс қозғалған.
 

Шеруге келгендердің бірі "Күштің жынысы жоқ" деген плакат ұстап тұр.
 

Шеруге келгендердің басты талабы – әйелдер мен ерлердің еңбекақысын теңестіру, әйелді зорлық-зомбылықтан қорғайтын заң қабылдау, биліктегі әйелдерді көбейту.
 

Шеруге келгендердің бірі "Әрбір әйел – жалғызым" деген плакат ұстап тұр. Бұл - әйелдер маршының негізгі лозунгінің бірі.

 

Қатысушы "Менің өмірімді сыйла не менің қарсылығымды күт" деген плакат ұстап тұр.
 

Әйелдер маршын ерлер де қолдады. "Арлы жігіт теңдіктен қорықпас" деген плакат ұстап тұрған ер адам.
 

Human Rights Watch мәліметінше, Қазақстан қоғамында "тамырлап кеткен". Халықаралық құқық қорғау ұйымы 2009 жылы қабылданған "Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы" заң адам құқығы бойынша халықаралық стандарттарға сай келмейді деп санайды. Бұл заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық қандай да бір заң бұзушылық я қылмыс қатарына енгізілмейді.  
 

"Әйелдің қырық жаны жоқ. Ұрма" деген плакат ұстап тұрған қатысушы.
 

Шеру екі сағатқа созылды