Алматыдағы көше жөндеу жұмыстары жұртты әуреге салды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматының орталығындағы Фурманов көшесінің бір бөлігі жылу жүйесі құбырын ауыстыруға байланысты қыркүйектің 8-і күні таңертеңнен бастап жабылды. Соның кесірінен жапсарлас көшелерде автокөліктер кептелісте тұрып қалып, адамдар баратын жеріне уақытында жете алмай бөгелді. Көшедегі жөндеу жұмыстары жайлы алдын-ала хабарланбауы жұрттың наразылығын тудырды.