Алматыда қаза болып, Ферғанада жерленген өзбек азаматының отбасы

Your browser doesn’t support HTML5

2000 жылдары Қазақстанға еңбек мигранты болып келіп, тұрақтап қалған Өзбекстан азаматы Зиятжан Қошқаров Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп мерт болған. Артында қалған 6 баласының үлкені 15-те, кенжесі 1,5 жаста. Әйелі, Қазақстан азаматы Света Сәрсенбаеваның жетінші балаға аяғы ауыр. Асыраушысынан айырылған отбасы қазір Алматы іргесіндегі Құмтоған ауылында сыз басқан бір бөлмелі үйде тұрып жатыр.