Алматыда саяси-қуғын сүргінді тоқтатуды талап еткен митингінің шырқы бұзылды

Your browser doesn’t support HTML5

31 қазанда Алматы қаласында құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуов "Саяси реформа жасау, саяси қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етіп, митинг ұйымдастырды. Әкім келісім берген митингіге әртүрлі саяси топтардың өкілдері мен белсенділер қатысты. Митинг соңы "трансгендерлер құқығына назар аударту үшін" келген азаматтың соққыға жығылуымен аяқталды.