Атамекенге көшіп келген қарт қазаққа ықтиярхат мұң болды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылына Қытайдан көшіп келген 75 жастағы Ауахан Ыдырысқызы бес айдан бері ықтиярхатқа қол жеткізе алмай, қиналып отырғанын айтады. Тиісті құжат пен тіркеуі болмағасын қарт әйел тегін медициналық көмек пен мемлекет мұқтаж жандарға бөлген әлеуметтік жәрдемнен шет қалған.