"Билік берген жәрдемін қайтаруды талап етті"

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысында жергілікті билік Ащыбұлақ ауылы тұрғынынан мемлекет атаулы әлеуметтік көмек ретінде берген ақшаны қайтаруын талап етті. Әкімдіктің "жеткілікті табысың бар" деген уәжімен тұрғын келіспейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі "ақшаны қайтаруға мәжбүрлемеу" туралы тапсырма бергенін айтады.