Алматы түбінде жүз шақты мұғалім наразылыққа шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы орта мектептің 85 мұғалімі «жұмыссыз қаламыз ба» деп алаңдайды. Олардың сөзінше, ауыл іргесінен салынып жатқан 600 орындық жаңа мектепке «жаңа директор тағайындалып, өзге мұғалімдер жұмысқа қабылданып қойған». Ал аудандық білім бөлімі «ешқандай мұғалім жұмыссыз қалмайды» дейді. 4 тамыз 2017 жыл