Сайлау заңын бұзу

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Алатау ауданы "Заря Востока" ықшам ауданындағы 535-ші сайлау учаскесінде сайлау жәшігіне бес бюллетенді топтап салған сайлаушы өзін Рахметжан деп таныстырып, "отбасындағы төрт адам үшін дауыс бергенін" айтты. 535-сайлау комиссиясы қызметкерлері учаскеге сайлаушымен бірге кіргенін", бірақ олардың кейін шығып кеткенін айтты. Осы "Заря Востока" ықшам ауданындағы 15-сайлау учаскесінде бір қыз бен бір жігіт үлкен кісілермен бірге дауыс беру кабинасына кіріп шығып жүрді. Өздерін "еріктілерміз" деп таныстырған олар, "әкімдік тапсырмасымен келгенін" айтты. Алматы. 20 наурыз, 2016 жыл.