Халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Алматыдағы орталық мешіт ауласында халал өнімдердің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге азық-түлік өндіретін 30-дан аса қазақстандық компания қатысты. Діни басқарма "қазақстандық халал өнімдерді ТМД елдеріне, одан әрі барша мұсылман әлеміне экспорттауды көздеп отырғандарын" айтады. Алматы, 11 қараша 2016 жыл.