Қазақстандағы ауған соғысы ардагерлеріне құрмет қандай?

Your browser doesn’t support HTML5

СССР әскерінің Ауғанстан аумағынан толық шығарылғанына бүгін 28 жыл болды. СССР билігі Ауғанстанға 1979 жылы әскер кіргізген. Ауғанстандағы соғыста 14 мыңнан аса совет сарбазы (олардың 924-ы - қазақстандық) қаза тапқан. Кейбір есептер бойынша, бұл соғыстан 2 миллионға жуық ауған азаматы құрбан болған. 1988 жылы сәуірде Женевада Ауғанстандағы жағдайды саяси жолмен реттеу туралы жасалған келісімнен соң СССР әскери бөлімдерін әкете бастады. Соңғы совет әскери колоннасы 1989 жылы ақпанның 15-і күні Ауғанстан жерін тастап шыққан.