Петропавл маңында 5 мыңнан астам саяжайды су басты

Your browser doesn’t support HTML5

Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының маңынан ағып жатқан Есіл өзеніндегі су тасқынынан Прибрежный мен Тепличный ауылдарының тұрғындары зардап шегіп жатыр. Ол өңірде 5 мыңнан астам саяжай су астында қалған. Ал бүгін түнде Соколовка ауылына су кірген. 28 үйді су басу қаупі бар.