Алматыдағы Жеңіс мерекесі

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда Жеңіс күні мерекесіне арналған шара жылдағы дәстүр бойынша 28 панфиловшылар саябағында өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары мәңгілік алауға гүл қойып, соғыс құрбандарын еске алды. Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 2776 ардагер тұрады.