Жанболат Мамайды қолдаушылар Алматы прокурорымен кездесті

Your browser doesn’t support HTML5

Қамаудағы журналист әрі белсенді Жанболат Мамайды қорғау комитетінің ұйымдастыруымен 30-ға жуық белсенді Алматы прокуроры Ғабит Миразовпен кездесті. Белсенділер «Жанболат Мамайды абақтыда ұрып-соққаны» туралы айтты. Ал прокурор «ондай хабар шығысымен тексерткенін, Мамай өзін ұрып-соқты деп айтпағанын» мәлімдеді.