Жарымбетов «Мамаймен таныстырған – Әблязов» екенін айтты

Your browser doesn’t support HTML5

Алматының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, ақпаннан бері қамауда отырған Жанболат Мамайдың соты жалғасты. Сотқа куәгер ретінде екінші мәрте шақырылған БТА банк басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов өзін Мұхтар Әблязовтың Жанболат Мамаймен Skype арқылы таныстырғанын айтты.