Бішкектегі қазақ елшілігі алдындағы акция

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің алдында "Кыргыз чоролору" қоғамдық ұйымының бастамасы бойынша "Қазақ-қырғыз бір туған" деп аталатын акция өтті. Оған қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдап, қазақ-қырғыз шекарасында азаматтар мен көліктердің өтуінің қиындағанына байланысты наразылық білдірді. Акцияға шыққандар "Назарбаев, екі елдің ынтымағын бұзба!", "Заңдары сақталмайтын Еуразия экономикалық одағы бізге керек пе?", "Елді ойла!" деген жазулар ұстап тұрды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.