"Қайрат" (Алматы) - "Насьональ" (Уругвай) футбол матчы

Your browser doesn’t support HTML5

1964 жылы маусымда Алматының орталық стадионында жергілікті "Қайрат" футбол командасы мен Уругвайдың "Насьональ" клубы ойыншыларының жолдастық кездесуі өткен. Матчтың 89-минутында "Насьональ" "Қайраттың" қақпасына гол салып, ойын 0:1 есебімен уругвайлық команданың жеңісімен аяқталған. Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінде сақталған футбол матчы туралы видеода "Насьональ" жаттықтырушысы Зезе Марейроның ойын алдында журналистке берген сұқбаты да бар.