Белсенді "жалған сөйлеген" әкім орынбасарының үстінен іс қозғата алмай жүр

Your browser doesn’t support HTML5

"Ақсай 1/24" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, азаматтық белсенді Светлана Дружинина Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың үстінен "көрінеу жалған ақпарат таратты" деп шағым түсірген. Белсенді әкім орынбасарының "дәрі тапшылығын айтқандар хайп қуғысы келеді" деген сөзіне шамданады. Бірақ Дружинина "полиция шенеунік үстінен түсірген шағымымды дұрыс қарап жатқан жоқ" дейді.