"Қазақ құл емес!" Алматыда митинг күні кемі жеті адамды ұстады

Your browser doesn’t support HTML5

27 наурызда Алматыда митинг өтетін күні арнайы жасақ кемінде жеті адамды күшпен ұстап әкетті. Белсенділер полиция көлігінің жолын жауып, наразылық білдірді. Бірақ ұсталған жақтастарын босата алмады. Митингіге шығуға "Демократиялық партия" тіркелмеген ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай мен Қазақстанда экстремистік деп танылған ҚДТ жетекшісі, қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязов үндеген. Жұрт "Қытай экспансиясына" қарсылық білдіріп жатыр.