Тоқаевтың ұлы мен бұрынғы әйелінің Мәскеудегі пәтерлері "жасырылған"

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы мен ажырасып кеткен әйелінің Мәскеуде екі пәтері бар екені хабарланды. Бұл Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың командасы жариялаған зерттеуде айтылды. Назар аударатыны - сол екі пәтер туралы ақпаратты жылжымайтын мүліктерді тіркеу базасында ешкімге көрінбейтіндей қылып, жасырып қойған.