"Жылап-жылап біттік." Полицияда азапталған 15 жасар бала ұзақ жылға сотталудан қорқады

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтардағы дүрбелеңнен кейін күдікті ретінде Талдықорған абақтысына қамалған 15 жасар бала бір апта бұрын босап шыққан, тергеу әлі жүріп жатыр. Сөзінше, қамауда полицейлер арқасына үтік басып, басқа да әдістермен азаптаған. Құзырлы органдар оны «қару ұрлады» деп айыптайды.