Қаңтар оқиғасында ұсталып, жараланған журналистер саны 40-қа жуықтайды

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтар оқиғасында жараланған, шабуылға ұшыраған, ұсталған журналистер саны 40-қа жуықтайды. Бұл 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнінде «Әділ сөз» ұйымы таратқан ақпарат. Ал «Шекарасыз тілшілер» ұйымының биылғы баспасөз еркіндігі рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 122-орында тұр.