Айкөркемді атқан автоматтың өзі бар, иесі әлі жоқ

Your browser doesn’t support HTML5

4 жасар Айкөркем Меделхан – Қаңтар дүрбелеңінде көз жұмған жеті баланың бірі. 7 қаңтарда әскерилер оқ жаудырған көлікте Айкөркем аға-әпкелерімен бірге болған. Оқ бүлдіршіннің маңдайына тиген. Содан бері тоғыз ай өтті, бірақ тергеу аяқталмаған.