Қытай полициясы Қазақстан азаматын ұстап отыр. Туыстары көмек сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Қытайдағы туыстарына қыдырып барған Қазақстан азаматы Тұрсынәлі Бекдәулет "Қытай полициясы құжатымды тарып алып, бермей отыр" деп мәлімдеді. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды. Тұрсынәлінің сөзінше, полиция оны тергеу бөлімшесіне апарған. Бірақ не үшін ұстағанын түсіндірмеген.