Әбіш Кекілбаевпен қоштасу

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада 13 желтоқсанда жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның жаназасы «Нұр Астана» мешітінде оқылды. «Көрме» кешенінде өткен қоштасу рәсіміне жұрт көп жиналды. 76 жасында өмірден өткен Әбіш Кекілбаев Астана маңындағы ұлттық пантеонға жерленді. Жазушыдан мұра болып «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» тарихи романдарының, «Күй», «Шыңырау», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты» және басқа әдеби шығармалары қалды.