Үлескер өзін өртемек болды

Your browser doesn’t support HTML5

Астанадағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Цветкованың айтуынша, ол екі жыл бұрын Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 9 миллион теңге берген. Бірақ үй әлі салынбаған, ақшасын да қайтармаған. Оқиға орнына арнайы қызмет, полиция және "Ата-Кент" компаниясы директоры міндетін атқарушы Қайрат Бодаухан келді. Бодаухан Цветковаға жеті күннің ішінде құйған қаржысын қайтарып беретіні туралы қолхат жазып берді. Осыдан кейін Ольга Цветкова қарсылық шарасын тоқтатты. Астана, 5 шілде 2016 жыл.